Текст
2023 жылдың 20 қараша күні сағат 9.30-да барлық ауыл мектептерінде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті. Бастау ауылының №1 ЖОББМ Олимпиаданың ашылуына құрметті қонақтар, Бастау ауылдық округ әкімі Азамат Қайыржан, педагогикалық еңбек ардагері Людмила Васильевна Реброва қатысты. Қонақтар оқушыларға тілектерін білдірді. Оқушыларға олимпиадаға қатысушылардың сертификаттары табысталды.