Мемлекеттік қызметтер бойынша 2025 жылғы есеп.

  1. Жалпы ережелер

         1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Бастау ауылының КММ  №1 жалпы білім беретін мектебі"  заңды мекенжайы: Атбасар ауданы, Бастау ауылы, Сибағат Боранбаев көшесі, 7.

         2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

 "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Бастау ауылының  №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ 13 қызмет көрсетті.

              2025 жылы Бастау ауылының №1 жалпы білім беретін мектебімен 62 қызмет көрсетілді;

                 ЭҮП-21 электрондық нұсқасында көрсетілген мемлекеттік қызметтер;

                 қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-27 қызмет;

                 көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер-14 қызмет;

                "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы - 0 қызмет.

     Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

 

                 3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау.

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

Құжаттарды қабылдау және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектеп алды сыныбына қабылдау.

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету.

Педагогтерді аттестаттаудан өту ережелері мен шарттары.

Сонымен қатар:

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.

Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау.

Білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымына орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау.

Мектепке қабылдау туралы өтінішті қайтарып алу.

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну.

         2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

         Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0026.atbasar.aqmoedu.kz/content/otchet-deyatelynosti-kgu-obscheobrazovatelynaya-shkola-1-sela-bastau-o Бастау ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінің  "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.  

         3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.  

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

           4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

         2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.  

         5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

         2026 жылы Бастау ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылады.

 


Әлі пікірлер




Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу