«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Бастау ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар мен 9-сынып түлектері үшін ақпарат

08.07.2025

Құрметті ата-аналар мен 9-сынып түлектері!
Орта білім беру ұйымдарында оныншы сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау Орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы жылдың 31 тамызында басталды және аяқталады.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымына қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушылардың жеке өтініші не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде, сондай-ақ негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың болуы негізінде жүзеге асырылады.
Баланы 10-сыныпқа қабылдау үшін Сізге көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін құжаттарды тікелей білім беру ұйымына (мектепке) беру қажет. Талап етілетін құжаттар тізіміне мынадай тармақтар кіреді:
1, Баланың ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдардан жазылған өтініш;
2, Оқушының және ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат.
2. балаңыздың денсаулық жағдайын растайтын ресми құжаттар, атап айтқанда «Профилактикалық егулер картасы» № 065/е нысанды және «Баланың денсаулық паспорты» № 052-2/е нысанды медициналық анықтамалар;
3. 3х4 см өлшемді баланың екі фотосуреті.
4. Негізгі орта білім туралы аттестат.
Құжаттар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады, Бастау ауылының № 1 ЖОББМ қабылдау бөлмесі.
Құрметпен Бастау ауылының № 1 ЖОББМ әкімшілігі.

Просмотров: 43


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст