«Заң мамандықтары»

19.01.2026

📚⚖️ Бүгін мектебімізде «Заң мамандықтары» атты іс-шара өтті.
Профилактикалық жұмыс жүргізу және оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 1–11 сыныптар оқушыларымен ААПҚО аясында ауылдық округ әкімдігінің маманы Жабасов Рустем Русланұлы кездесуі өтті.
Ол оқушыларға заң мамандықтары — полиция, прокуратура, сот қызметі туралы, құқық пен міндеттерді сақтау маңыздылығы және құқық бұзушылық үшін жеке жауапкершілік туралы айтты. Ашық диалог форматында оқушылар сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.
Іс-шара заңға бағынатын тәртіпті мінез-құлықты тәрбиелеуге және «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.

Просмотров: 1365


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу