Емтихан

26.05.2026

2026 жылғы 26 мамырда мектепте 5–8 және 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілі пәнінен алғашқы аралық емтихандар басталды. Емтиханның негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, коммуникативтік дағдыларын дамыту және қазақ тілін оқуға деген ынтасын арттыру. Емтихан жазбаша және ауызша түрде өткізіліп, тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын қамтиды.
5-сынып оқушылары үшін бұл – алғашқы емтихан тәжірибесі болғандықтан, бүгінгі күн олар үшін ерекше толқыныс пен жауапкершілікке толы болды. Соған қарамастан, оқушылар емтиханға жақсы дайындықпен және көтеріңкі көңіл күймен келді. Осындай емтихандар оқушылардың функционалдық сауаттылығын, өзіне деген сенімділігін арттырып, мемлекеттік тілге деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді

Просмотров: 2710


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу