Қуттықтаймын
09.10.2026
Құрметті Лидия Валериевна!
Сізді Атбасар аудандық мәслихаты төрағасының Алғыс хатымен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат – Сіздің кәсіби біліктілігіңіздің, көп жылғы адал еңбегіңіздің, жоғары педагогикалық шеберлігіңіздің және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесіңіздің лайықты бағасы.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт және кәсіби еңбегіңізге толағай табыстар тілейміз! Еңбегіңіз әрдайым еленіп, жоғары бағалана берсін, ал шәкірттеріңіз өз жетістіктері мен жеңістерімен қуанта берсін.
Сізге алдағы уақытта да толағай табыс, алғысы мол шәкірттер және жаңа марапаттар тілейміз!
Просмотров: 220