«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Бастау ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттіліктің жеті тірегі

29.11.2021

2021 жыл 26 қараша күні Бастау ауылының №1 ЖОББМ ұжымымен "Мемлекеттіліктің жеті тірегі" тақырыбында  жиналыс өткізді. Ұжым алдында мектеп директоры Журумбаева Айгуль Жумашовна сөз сөйледі. 
23 қарашада Елбасы Н.А. Назарбаевтың төрағалығымен өткен "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, онда мемлекеттіліктің жеті тірегі айтылды: бұл жаңа дәуірдегі қазақстандықтар үшін негізгі бағдар болады.
Бірінші.... Тәуелсіздік - әрбір азаматтың іргелі құндылығы.
Екінші. Бірлік пен келісім – біздің мемлекеттілігіміздің  негізі
Үшінші. Жер-ата-бабаларымыздың баға жетпес мұрасы, халықтың игілігі.
Төртінші. Отбасы мен дәстүрлер-қоғамның негізгі тірегі.
Бесінші. Ұлттық мәдениет-халықтың рухани тірегі.
Алтыншы. Білімге ұмтылу және еңбекқорлық-әл-ауқаттың кілті.
Жетінші. Прагматизм-бәсекеге қабілеттіліктің кепілі.
Осылайша, Тәуелсіздікті үнемі нығайтып, елдің тұтастығын сақтай отырып, отбасының құндылығын сақтап, ұлттық-рухани мәдениетті ілгерілете отырып, терең білім мен адал еңбекке көңіл бөле отырып, біз жасампаз ұлт боламыз.
Бұл біздің мемлекеттілігіміздің жеті басты тірегі!

Просмотров: 416


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст