Текст
2022 жылы 10 наурыз күні Бастау ауылының №1 ЖОББМ отырысы өтті.
Күн тәртібі:
1. "Nur Otan" партиясының XXII съезі.
2. Саяси ұйымның атауын "Аманат"деп өзгерту.
Партияны трансформациялау бағдарламасы халықтың өзекті сұраныстарына негізделе отырып жасалды. Партияның өзгеруге ұмтылысы негізгі қоғамдық сұраныстарға – адалдық пен әділдікке, тиімділікке, жеделдікке және ашықтыққа негізделеді. Тиісінше, бұл тұжырымдар тәуекелдерді бағалау және ішкі жұмысты тексеру, сараптамалық және әлеуметтік зерттеулер, БАҚ пен әлеуметтік желілерді бақылау, қоғамдық қабылдауларға өтініштерді талдау, трансформация бағдарламасын әзірлеу аясында жүргізілген саяси қарсыластар мен бәсекелестерді сынға алу негізінде жасалды.