БАЛДАУРЕН
Балдаурен лагері - бұл әртүрлі қалалардағы балаларды бір ұйымға біріктіретін орын. Алғашқы күндер қиын болды. Бізге осындай қысқа уақытта достар табу мүмкін емес болып көрінді, бірақ біздің, барлықтарымыздың пікірлерімізді ескеріп отырған аға тәлімгеріміздің арқасында, біз бір үлкен отбасы болдық.
Балдауренде әртүрлі іс-шаралар болды, онда әркім өзін көрсете алды. Бұл шығармашылық, спорттық және зияткерлік сайыстар болды.. Бірақ мені бір нәрсе таң қалдырды. Біздің жасақта ештеңемен айналыспайтын бірде-бір бала болмады. Бізде суретшілер, әншілер, оқырмандар, жазушылар, спортшылар болды. Көбі өз жұмыстарында үлкен табыстарға қол жеткізді. Тіпті аға тәлімгер бізді «Қазақстанның ерекше дарынды балалары» деп қалжыңмен атады.
Лагерде біз көп нәрсені үйрендік. Құрметтеу, ұжымдағы бірлік, жақыныңды қолдау - бұл өзара байланысты жеңістер. Біздің аға тәлімгеріміз - Янцен Регина дәл солай айтты, және ол дұрыс айтыпты, біздің жасақ көптеген жарыстардың жеңімпаздары болып кетті.
Кетер алдында, біз бейне клип түсірдік, көптеген есте қаларлық суреттерге түстік, бұл лагерді ешқашан ұмытпаймын және менің жүрегімде мәңгі қалады.
Шиганов Адильхан