2022 жылдың 28 сәуір күні Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстандағы балалар жылына орайластырылған «Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты іс-шараға Атбасар және Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскери дайындық бойынша инспекторы Айжан Назымовна Жанайдарова, аудандық «Простор» газетінің корреспонденті, аудандық білім бөлімінің әдіскері Дмитрий Юрьевич Чарушин, Бастау ауылдық округінің әкімі Каиржанов А. К., Бастау ауылының №2 ЖОББМ директорының м. а. Харахыз Бахытгуль, «Бастапқы әскери-технологиялық дайындық» пәнінің мұғалімдері қатысты.
Жас Отан қорғаушылар Отанға адал болуға ант қабылдады. «Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері салтанатты маршпен жүріп өтті, автоматты жинау және бөлшектеу, сондай-ақ ОЗК плащын кию дағдылары мен біліктерін көрсетті.
Сондай-ақ, іс-шараға 3 және 4 сынып оқушылары оқыған өлеңдер, біздің мектеп мұғалімдері, 4, 5 «Б» және 8 сынып оқушылары орындаған әндер шырқалып, «Экстрим» би тобы салтанатты іс-шараның сәнін келтірді.
Әскери-патриоттық тәрбие азаматтардың, әсіресе жоғары сынып оқушыларының бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастырудың, өз Отанына деген адалдық сезімін тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оның нәтижелері армиядағы қызметте ғана емес, сонымен бірге кейінгі өмірде де көрінеді. Біздің мектеп оқушыларын осындай айтулы оқиғамен құттықтаймыз!