Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт
түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің
қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың
қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние
дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген
тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және
әрқашанда айтып өтеміз.
Биыл Қазақстанның өз алдына дербес ел болып, халықаралық
деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанына 26 жыл
толып отыр.
Осыған орай Бастау ауылының №1 орта
мектебінде Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру аясында Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай «Елімнің бақытын
тербеткен Тәуелсіздік» атты
мерекелік концерт өтті. Концертке барлық сыныптармен қатар «Күн сәулесі»
шағын балабақша орталығының оқушылары қатысты. Мерекелік іс шарамыздың алғашқы
құттықтау сөзі ауыл әкімі Қайрат
Темирович Исманов мерекемен құттықтап, оқушыларды
бірлікке шақырып, оқуда озат болуға, шығармашылықта шалқар шабыт
тіледі.Кейін Тәуелсіздік туралы қысқаша тарихы слайдттар көрсетілді. Содан кейін оқушылар асқақ дауыстарымен Отанына деген патриоттық
сезімін білдірсе, мың бұралған әсем биімен биші қыздар шараны көңілдете түсті. «Я –
казах» (видео),«Алтын бесік»,
«Бөгенбай батыр»,«Қаражорға», «Родина - Казахстан», «Астана» Концертке
барлық сыныптармен қатар «Күн сәулесі» шағын балабақша орталығының оқушылары да
көрерменді бір құантып тастады.
Осы шараны
ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі К.С Беркимбаева,сынып
жетекшілері және іс тәрбиеші А.Ж.Журумбаева .
Ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымы
оқушыларға шығармашылық табыс тіледі..
Отанымыздың болашақ ұрпағы, жақсы оқып, тәртіпті болып,
өз елінді, жеріңді көркейтіп, Қазақстаның намысын қорғайтын келешегі, тірегі
атанатындар. Мұндай мерекелік шаралар мен тәрбиелік сағаттар әліде өз жалғасын
табады. Мереке соңы қазақ жастарының гимні әнімен тарқасты.