Аудандық білім бөлімінің бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»
Конституциялық Заңы қабылданғанына 10 жыл болғанына арналған ХХІ ғылыми-тәжірибелік конференция
ұйымдастырылды. Конференция жұмысының барысында зерттеу жұмыстар арқылы тәжірибелік білімдерін жаңарту, пәндерді оқытудың сапасын жетілдіру, оқу үрдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып функционалдық сауаттылықтарын дамыту, оқыту мен тәжірибе алмасу және т.б. өзекті мәселелер қарастырылады.
Конференцияға 10 оқу пәндері бойынша 53 жоба қатысты. 29 жеңімпаздардың ішінде біздің мектептің 8 сынып оқушысы Шалкенбаева Адина химия пәнінен «Жуғыш заттар. Күнделікті өмірдегі қауіпсіздігі» (жетекшісі Журумбаева Айгуль Жумашовна) жобасымен ІІ орынға ие болды. Келесі сәтте жұмысын облыста қорғайды.
Сәттілік тілейміз.