Текст
Жазушы ҒабитМүсіреповтың 115 жылдығына арналған олимпиада өз мәресіне жетті. Ново-Александровка№1орта мектебінің оқушылары қатысты. Бірінші тур шығарма жазу кезеңі, ал екінші турда жиырма бес сұрақтан тұратын күрделі емес тест сұрақтары берілді. Жалпы қорыта келгенде барлық оқушылардың еңбегі ескеріліп, бағаланды. Оқушыларымыз пәндік олимпиадаға қатысып, пәнге деген қызығушылығы артып жатыр. Әсіресе ата-аналар тарапынан алғыс шексіз. Осы олимпиадаға қатысып, балалар шығарма жазу үшін кітапханаға жиі-жиі барып, көркем әдебиеттер оқып, оң өзгерістер байқалуда. Ең бастысы оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады. Балалардың өзбілімдерін шыңдау үшін мақсат қою, алға ұмтылу сияқты жігерін, намысын оятуға ықпал етеді