2023 жыл 22 маусым күні Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебітің акт залында 11-сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Түлектерге арнап құттықтау сөзін: мектеп директоры – Журумбаева А.Ж., Бастау ауылының әкімдік аппаратының бас маманы – Дархамбаев Н.Н., педагогикалық еңбек ардагері – Калашникова В.И., бірінші мұғалімі – Михайловских Л.А., сынып жетекшілері – Беркимбаева Қ.С., Дәулетхан А.Ж., түлектердің ата-аналары – Кыстаубаева Р.Б., Ербалин К.Н., Таутекова Д.А., Гиндер Л.С. айтты. Салтанатты түрде мектеп директоры Журумбаева Айгуль Жумашовна, оқу ісінің меңгерушісі Пшенова Л.А., сынып жетекшісі Беркимбаева Кульбаршин Скаковна білім туралы алғашқы маңызды құжаты –аттестаттарын табыс етті. Бұл құжаттың тапсырылуы жалпы орта білім берудің сәтті аяқталуын ғана емес, сонымен бірге мектеппен, балалық шақпен қоштасуды білдіреді. 2023 жылғы түлектер атынан алғыс сөздер айтылып, соңында соңғы мектеп вальсін биледі. Сәт сапар құрметті мектеп түлектері!