Текст
2024 жылдың 1 қыркүйегінде учаскелік инспектор полиция аға лейтенанты Қадырбек Нұрболат Бастау ауылындағы №1 ЖОББМ 9-11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Негізгі қаралған мәселелер: 1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу; 2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру (темекі шегудің (вейп), ішімдік пен нашақорлықтың алдын алу); 3. Жол қозғалысы ережелері; 4. Мектептің Жарғысы мен ережесінің сақталуы, мектеп формасына қойылатын талаптар.